RC4Sans · Mono · Pixel · OFL 1.1

Medeo

Интерфейс, код және тақырыптарға арналған ашық қаріптер: латын және кирилл жазуы.

Жуандық
100–900
Кіші/бас әріп биіктігі
75%
Осьтер
wght · opsz
Таңбалар
905
Стильдік жиындар
11
Тілдер
759
Валюталар
₸ ₼ ₾ ₺
Лицензия
OFL 1.1

Биік кіші әріптер
және тығыз теру.

Кіші әріптер — бас әріп биіктігінің 75%-ы. Ірі кегльде оптикалық өлшем осі әріптердің бүйір аралығын тарылтады, сондықтан әріптер мәтіндегіден гөрі тығызырақ тұрады.

Мәтін · opsz 14 2,40 em

Тақырып · opsz 32 2,29 em

Бір сөз, Medeo Sans 400, екі рет те бір кегльде;
сан — сөздің ені, сызық — opsz 14 кезінде сөз аяқталатын жер

Неліктен Medeo

Medeo кириллица жұптарын теңестіреді: «кл» аралығы 101-ден 52 бірлікке дейін қысқарды, ал «ау» аралығы 15-тен 16-ге дейін өсті. Geist 1.8-де кейбір жұптар жабысып, кейбірі алшақтап тұрды. Мұны prtner.ai роликіне жазылған пікірде бізге көрсетті, біз кернингті қайта құрдық.

Кернинг Geist бойынша тексерілді, ₸ ₼ ₾ ₺ және екпін белгілері қосылды. Төменде бес жұп: түзетуге дейін және Medeo-да.

@royalvenom

Geist кириллицасындағы әріп аралықтарында оптикалық теңгерімсіздік бар: «дк» жұбы тым тығыз, ал «кл» тым сирек көрінеді. (орыс тілінен аударма)

Instagram-дағы ролик пен талқылау

Geist — әріп пішіндерінің негізі. Inter — кейбір әріптер және кернингке үлгі. Medeo — кирилл кернингі, opsz осі және ₸.

Geist
Inter
Medeo

wght осі — жуандық, 100–900. opsz осі — кегльге қарай пішін мен аралық, 14–32. Әр жуандықтың курсиві бар.

wght 300opsz 14айналдырыңыз

Қаріптер тобы · үш қаріп

Кегль96
Трекинг0 %
Стильдік жиындар

Түнгі 3:47⁠-⁠де сізге жазды ма? Жауап дайын, тек мақұлдаңыз.

Тілдер

Он тілдегі мысалдар

Қазақ тілі — кирилл және 2021 жылғы латын әліпбилерінде, өзбек тілі — латын және кирилл әліпбилерінде. «і́» әрпінде нүктенің орнына екпін белгісі тұрады.

Мәтіндегі Medeo Sans

Лид · 28/34 px · 500

Тақырыптан ескертпеге дейін біркелкі теру.

Мәтін · 17/27 px · 400

Medeo Sans жолдың реңін біркелкі ұстайды: аралықтар өлшеп түзетілген, ал оптикалық өлшем осі оларды тақырыпта тарылтып, мәтінде кеңейтеді.

17 px кегльде кіші әріптердің биіктігі — 9 px, кирилл мен латынға бірдей.

Түсініктеме · 14/21 px · 400 және курсив

Кернинг түзетуіне дейінгі және кейінгі әріп жұптары.

Дәйексөз, атау және ерекшелеу үшін курсив.

Бас әріп биіктігі710
Кіші әріп биіктігі530
Негізгі сызық0
Төменгі шығыңқы элементтер−150

Мысалдар

MEDEO SANS
RC4
905 ТАҢБА
OFL 1.1
DNF · 2026

Тірек нүктелері мен тұтқалар

Мұз маусымы
2026

Sans 500Mono 400RC4OFL 1.1

Мұз айдынынанда артық.

MEDEO SANS
72 — 12

Медеу
Мұз маусымы

34.21

  1. 500 м34.21
  2. 1000 м1:08.97
  3. 1500 м1:46.40
  4. 5000 м6:21.08
Medeo Pixel · Mono

MedeoRC4

Sans

Mono · Pixel

Қ · U+049A

₸ · Mono

Ә · U+04D8

Ү · Pixel

Medeo Sans 300 · 500

MEDEO PIXEL
ELSH 1 — 80

font-variation-settings: "ELSH"

Орнату

Medeo-ны қосу

RC4 — 1.0 нұсқасының төртінші релиз-кандидаты. 1.0-ге дейін не өзгеруі мүмкін → GitHub-тағы бастапқы файлдар →

npm — ұсынылатын тәсіл

Next.js пен кез келген жинақтаушыға. Үш қаріптің барлық таңбалары, стильдік жиындары мен осьтері.

npm i medeo-font

Next.js-пен

import { MedeoSans } from "medeo-font/sans";
import { MedeoMono } from "medeo-font/mono";
import { MedeoPixel } from "medeo-font/pixel";

Код — app/layout.js ішінде, <html> элементіне MedeoSans.className класы. Толығырақ — пакеттің README файлында.

CDN арқылы CSS

Жинақтаушысыз: <head> ішіне бір жол, әрі қарай — --font-medeo-sans, --font-medeo-mono, --font-medeo-pixel айнымалылары.

<link rel="stylesheet"
  href="https://cdn.jsdelivr.net/npm/medeo-font@1.0.0-rc.4.1/dist/medeo.css">
body { font-family: var(--font-medeo-sans); }
@font-face қолмен

Medeo Mono да осылай қосылады. Medeo Pixel — format("woff") бар .woff файлымен: браузердегі қаріп тексеруі оны woff2 түрінде өткізбейді.

@font-face {
  font-family: "Medeo Sans";
  src: url("MedeoSansVariable.woff2") format("woff2");
  font-weight: 100 900;
  font-display: swap;
}
@font-face {
  font-family: "Medeo Pixel";
  src: url("MedeoPixelVariable.woff") format("woff");
  font-display: swap;
}

Әр тәсіл не береді

Қосу тәсілдері
МүмкіндікnpmCDNZIP
Барлық таңбаиәиәиә
Next.jsиәқолменқолмен
Жаңартулариәқолменқолмен
Компьютержоқжоқиә

ZIP архиві

ZIP жүктеу

Барлық қаріптің TTF файлдары, Sans пен Mono үшін WOFF2, Pixel үшін WOFF, лицензия мәтіні. SIL Open Font License 1.1: сайттарға, қосымшаларға, басып шығаруға және коммерциялық жобаларға тегін. Қаріптерді өзгертуге, ендіруге және осы лицензиямен таратуға болады; бөлек сатуға болмайды.

Жеке файлдар · WOFF2, WOFF, TTF

Mono мен Pixel үшін TTF — архивте.

Нұсқалар

Өзгерістер журналы

RC4 — 1.0 нұсқасының төртінші релиз-кандидаты: қаріптер жұмысқа дайын. 1.0-ге дейін кернинг пен жекелеген таңбалардың пішіні өзгеруі мүмкін. Medeo Sans, Mono және Pixel атаулары, medeo-font/sans|mono|pixel импорттары, CSS файлдары мен --font-medeo-* айнымалылары өзгермейді; қаріп файлдарының атаулары өзгеруі мүмкін. Келесі қадам — 1.0.

Ескертулер мен сұрақтар — Telegram-да: t.me/akhimov

  1. RC4. Латын және кирилл таңбалары толықтырылды, диакритикалық белгілер, әріп қосылыстары мен аралықтар түзетілді. Windows жүйесінде Sans пен Mono ұсақ мәтіні жақсарды; ZIP ішінде статикалық нұсқалар бар. Google Fonts деректері бойынша 759 тілдің әліпбиі тексерілді; бұл тілдік сараптама емес, таңбаларды қамту тексерісі. Барлық өзгерістер → medeo-font 1.0.0-rc.4.1.

  2. RC3. Medeo Pixel енді Safari-де, iPhone-дағы барлық браузерде және Instagram ішіндегі браузерде ашылады: әріптерді құрайтын нүктелер бір ортақ бөлшекке сілтеме болды, TTF 5,4-тен 0,4 МБ-қа дейін кішірейді. Әріп пішіндері өзгерген жоқ. Огонегі бар тоғыз әріптен (Ą Ę Į ą į ų және баламалары) артық қайталанған нүкте алынды. Medeo Sans пен Mono-да тек нұсқа нөмірі өзгерді. npm-де medeo-font 1.0.0-rc.3.

  3. 1.0.0-rc.2.1: npm пакетіндегі қаріптер репозиториймен байтпа-байт сәйкес келеді; жариялау алдында бұл енді автоматты түрде тексеріледі.

  4. RC2. opsz осі енді бастапқы файлдардан жиналады. Medeo Pixel-ге Ђ Љ Њ Ћ Џ Җ және олардың кіші әріптері қосылды: серб, босния және түрікмен кириллицасы толық қамтылды. Он тілдегі тік және курсив 55 216 әріп жұбы Thin-нен Black-ке дейін тексерілді: бірде-бірінде әріптер қабаттаспайды. Қаріп DNFDEVS/medeo-font ашық репозиторийіне көшті, npm-дегі medeo-font 1.0.0-rc.2 сол жерден шықты.

  5. 1.0.0-rc.1.1: қысқа medeo-font/sans|mono|pixel импорттары, ескі medeo-font/font/* жолдары да жұмыс істейді. 1.0.0-rc.1.2: Next.js, Tailwind және Medeo Pixel мысалдары бар README.

  6. RC1. Алғашқы ашық шығарылым: Medeo Sans, Mono және Pixel. Он тілге арналған латын және кирилл жазуы. Sans-та 736 таңба, wght 100–900 және opsz 14–32 осьтері, 11 стильдік жиын бар. SIL OFL 1.1 лицензиясы. npm-дегі medeo-font пакеті, CDN-нен CSS және ZIP.